Алматы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

орынбасар
Фото: kapital.kz

Алматы. 18 шілде. 7kun.kz —  Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып Мұрат Дәрібаев тағайындалды. Бұл туралы әкімдіктің баспасөзі хабарлады.

Осыған дейін әкімнің орынбасары болған Румиль Тауфиков басқа жұмысқа ауысады.

Дәрібаев Мұрат Амангелдіұлы — 1971 жылы 11 маусымда дүниеге келген. 1996 жылы  Алматы автожол институтын инженер-құрылысшы мамандығы бойынша, 2004 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін экономист мамандығы бойынша бітірген. Бұған дейін  «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік» ҰК» АҚ-ы басқармасының төрағасы қызметін атқарған.

Айта кетейік, Алматы әкімі Бауыржан Байбек  экс-орынбасар Румиль Тауфиковтің атқарған жұмысын жоғары бағалады.