Алматы метросында жарылғыш орнатылды деген ақпарат тарады

301

Алматы. 24сәуір. 7kun.kz — Алматыда метро жолаушыларын дереу шығарып жатыр, деп хабарлайды 24.kz.

Райымбек-Фурманов көшесіндегі Райымбек стансасынан 10-15 минут бұрын жолаушылар түгел сыртқа шығарылған. Құқық қорғаушылар метроға ешкімді өткізбейді. Жедел жәрдем, метро қызметкерлері оқиға орнында жүр.

Салтанат Әзірбек, Алматы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуына қарағанда Алматы қаласындағы метрополитенге жарылғыш заттың орнатылғаны жайында ақпарат келіп түскен.

«Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары қолға алынды. Қауіпсіздік мақсатында адамдар метроның барлық стансаларынан сыртқа шығарылды»,-дейді С.Әзірбек.