Алматы облысында ауыл тұрғындары арасында атыс болып, бір адам қаза тауып, екеуі жараланды

Алматы облысы. 5 тамыз. 7kun.kz – Ұзынағаш ауылында жергілікті тұрғындар арасында атыс болды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

4 тамыз күні сағат 16.20 шамасында оқтан жараланған үш ер адам ауылдық ауруханаға жеткізілді. Олардың бірі көп ұзамай жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Полиция «Ұстау» жоспарын жариялады.

«Қару қолдану оқиғасы бір топ жергілікті тұрғындар арасында араздық қарым-қатынастан туындағаны анықталды. Қазіргі уақытта жанжалға қатысушылардың барлығы анықталып, оларды ұстау шаралары жүргізілуде», – деді полицияда.