Алматы облысында мүгедектігі бар зейнеткерді зорлаған

Алматы облысы. 17 маусым. 7kun.kz – Зейнеткерді зорлады деген күдікпен Алматы облысының 32 жастағы тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды 7kun.kz «Аlmaty» арнасына сілтеме жасап.

Қарасай ауданында 63 жастағы зейнеткер түнде үйінің есігін белгісіз ер адам қағып, кіруге рұқсат сұрағанын айтады. Зейнеткер оны үйге кіргізбеген, бірақ біраз уақыттан кейін ер адам қайтып келіп, мүгедек әйелдің баспанасының терезесін сындырып, үйге кірген.

Ер адам үй иесін бірнеше рет балағаттап, кейін ұйықтап қалған. Содан кейін ғана жәбірленуші көршілері мен полицияны көмекке шақыра алған. Бірақ залым қашып кеткен. Полицейлер оны ізін суытпай ұстады.

Күдікті тергеу изоляторына қамалды. Ол ҚР ҚК 120-бабы «Зорлау» фактісі бойынша сегіз жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.