Алматы. 30 қазан. 7kun.kz - Алматы қаласы әкімдігінің қаулысымен «Алматыбасжопар» ғылыми-зерттеу институты құрылды, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.
Ведомство «Ақпараттық - технологиялық орталық» ЖШС базасында уставтық капиталда мемлекеттің 100% қатысуымен құрылды.
Жаңа ұйым қала құрылысы тораптарын, құрылыстың сыртқы келбетін, қала бойынша жүргінші аймақтарын жобалау жұмыстарын дайындап, шеберлік-жоспарларын әзірлейді.
Ғылыми-зерттеу институты Алматы мен қала маңындағы аймақтарды, халықаралық тәжірибелерге сүйене отырып, дамыту және қала құрылысын жобалауға қатысты жобалау, нормативті – әдістемелік жұмыстарды атқарады.
Еске салсақ, 2017 жылғы қыркүйекте Нұрсұлтан Назарбаев қала тұрғындары саны мен оның аумағын үнемі кеңейтуге қатысты институтты қайта құру туралы мәселе көтерген еді.