Алматы. 29 маусым. 7kun.kz - Алматы ІІД өкілдері 27 маусымда кешкі уақытта екінші деңгейдегі банктердің бірі тоналғаны туралы мәліметті ресми түрде растады. Бұл туралы tengrinews.kz хабарлады.
"Біз екінші деңгейдегі банктердің бірі тоналғаны туралы мәліметті растаймыз. Істің мән-жайы айтылмайды. Арнайы жедел тобы құрылды, онда криминалдық полиция қызметкерлері және аудандық ІІБ ең мықты қызметкерлері енді. Тергеу барысын Алматы ІІД басшысы өз қарамағына алды", - деді ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Тонау дерегіне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы ("Тонау") бойынша іс қозғалды. sputniknews.kz хабарлауынша "Альфа банк" кассирін тонаған. Бейтаныс адам тапаншамен қорқытып, жәбірленушіден 65 миллион теңге алып кеткен.
"Альфа банк" бұл жағдайға байланысты ешқандай пікір білдірген жоқ.
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024