АймақАлматыЖаңалықтарТаңдаулы1

Алматыда баспана бағасы қандай?

Алматы. 8 ақпан. 7kun.kz – Алматыда 2017 жылы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 11 млн шаршы метр үй салынып, пайдалануға берілді. Қалада баспанаға сұраныс қашан да жоғары. Бірақ бұл жағдай оның бағасына әсер етпеген.

«Соңғы жылдары шаһардағы қымбат үйлерге деген сұраныс төмендеп, керісінше, бағасы жағынан қолжетімді әрі ыңғайлы пәтерлерге сұраныс артқан. Былтырғы үрдіс биыл да сақталып, үй құнында айтарлықтай өзгеріс болмайды», – дейді жылжымайтын мүлік нарығының мамандары.  

«Нарықта он жыл бұрынғы жағдаймен салыстырғанда, үлескерлік туралы заң нормалары күшейтілді. Сәулет және қала құрылысы басқармасының қадағалауы да қатаң. Заңнамалық базаның өзгеруіне сәйкес жауапкершілік те артып отыр», – дейді құрылыс компаниясының бөлім басшысы Айдос Мұқатаев.

Tags

Осы айдарда

Close