АлматыЖаңалықтарТаңдаулы1

Алматыда бірнеше көшеде жол қозғалысы біржақты болады

Алматы. 7 шілде. 7kun.kz – 5 тамыздан бастап Жамбыл, Қарасай батыр, Қабанбай батыр, Бөгенбай батыр, Гоголь, Мақатаев, Шәріпов, Мұратбаев көшелері біржақты болады.

  • Мақатаев көшесі бойынша: Қалдаяқов көшесінен бастап Мұқановаға дейін қозғалыс батысқа қарай, ал Гоголь көшесінде Әуезов көшесінен Қалдаяқовқа қозғалыс бағыты шығысқа өзгереді.
  • Бөгенбай батыр бойымен Қалдаяқовтан Масанчиге батыс жаққа, ал Қабанбай батыр көшесімен Масанчиден Қалдаяқовқа дейін щығысқа біржақты қозғалыс орнайды.
  • Қарасай батырмен жүру үшін Масанчиден Розыбакиевқа дейін батысқа бағытталу керек болса, ал Жамбыл көшесінде керісінше Масанчиден Розыбакиевқа қарай шығысқа жүруге болады.
  • Мұратбаевпен Райымбектен Шевченкоға дейін оңтүстікке, ал Шәріпов көшесімен Абайдан Мақатаевқа солтүстікке қозғалыс өзгереді.

Барлық біржақты жол қозғалысы орнаған көшелерде максималды жылдамдық 40 км/сағ болады. Сонымен қатар, Гоголь, Мақатаев, Қабанбай батыр көшелерінде қоғамдық көліктерге арнайы жол жолағы жасалады.

Бұндай жаңа бағыттар арқылы әкімшілік негізгі көлік магистраліндегі қозғалысты азайтып, автокөліктердің орташа жылдамдығын 12км/сағатқа төмендетуді жоспарлап отыр.

Tags

Осы айдарда

Close