Алматыда бірқатар көше 3 айға жабылады

Алматы. 24 мамыр. 7kun.kz – Алматыда бірқатар көше жылу желілерін қалпына келтіру үшін 3 айға жабылады, деп хабарлайды 7kun.kz.

25 мамыр мен 1 қыркүйек аралығында Алматының Жетісу ауданындағы Серіков көшесі (Гүлдер саябағы аумағынан саябақ аймағындағы Қазыбаев көшесіне дейін), Қазыбаев көшесі (Серіков көшесінен солтүстік бағытта № 288 үйге дейін), Мақатаев көшесі (Оңтүстік бағытта Ангарская көшесінен «Айнабұлақ-3» шағын ауданына дейін) жабылады.

Сонымен қоса, Бостандық ауданында Ерғожин көшесінде көлік қозғалысы шектеледі. Медеу ауданында 25 мамыр мен 1 қыркүйек аралығында Қазыбек би көшесі (Уәлиханов көшесінен Абдуллин көшесіне дейін), Пушкин көшесі (Қарасай батыр көшесінен оңтүстік бағытта Төле би көшесіне дейін) жабылады.

1 маусым мен 1 қыркүйек аралығында Медеу ауданында Төле би көшесінде (Батыс бағытта Уәлиханов көшесінен Зенков көшесіне дейін) көлік қозғалысы шектеледі.

7 маусым мен 1 қыркүйек аралығында — Әуезов ауданында Садовников көшесінде (Төле би көшесінен Өтеген батыр көшесіндегі № 82 үйге дейін).Бұл шектеулер осы көше учаскелерінің жүріс бөлігімен өтетін құбырларды қайта құру бойынша жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет.

«Алматы жылу желілері» ЖШС хабарлауынша, Жергілікті тұрғындарға қолайлы жағдай жасау үшін олардың үйлеріне ыстық су уақытша схема бойынша жеткізіледі.