Алматыда гүл бағасы қанша?

гүл

8 наурыз мейрамы қарсаңында қаламыз гүлге көмкеріледі. Сұраныс та, ұсыныс та көбейеді. Бағасы шарықтап, түр-түрі де көбейе түседі. Мереке қарсаңында Алматы қаласындағы гүл нарығын зерттеп, бағасы қанша екенін анықтап көрдік.

Көктем мерекесіне үйлесімді қызғалдақтар инелі және қарапайым, голланд және жергілікті түрлері сатылымда тұр. Жергілікті қызғалдақтар 400 теңгеге, ал оның шетелден әкелінетін түрлері 500 теңгеден сатылуда.

Раушан да жергілікті және сырттан әкелінетін болып бөлінеді. Жергілікті раушан бағасы 300 теңгеден болса, шетелдіктің құны 700 теңгеден 1200 теңгеге дейінгі аралықта.

15 раушаннан тұратын букет 11 000 теңге басталады. Ал, 25 раушан — 18 000 теңге, 51 раушан — 36 000 теңге, 101 раушан — 70 000 теңге.

Қораптағы раушан гүлінің бағасы санына және орам көлеміне байланысты. Мысалы, арнайы қораптағы 15 раушан гүлі — 15 мың теңгеге жуық болады. 25 раушан — 20 500 теңге, 51 раушан – 38 000 теңге тұрады.

Ал, қызғалдықтың бір данасы орташа бағасы 400 теңгеден басталады. 15 қызғалдақтан тұратын букет 10 000 теңге болса, 25 қызғалдақ — 17 000 теңге, 51 қызғалдақ — 34 000 теңге, 101 қызғалдақ — 69 000 теңге.

Соңғы кездегі жаңашылдық 3D гүлден жасалған қонжықтар бағасы – 20 см — 8 000 теңге, 40 см — 12 500 теңгеден басталады.

Қаладағы бағаның ең арзан жері — Жангелдин көшесінің бойында, Мақатаев пен Райымбек көшесінің аралығындағы гүл дүкендерінде.

Бұдан кейін орташа баға — Тастақ гүл базарында. Бұл жерде Жангелдин көшесімен салыстырғанда 100-200 теңгеге қымбаттау.

Ал, гүл дүкендері мен интернет дүкендерде баға гүл базарыларына қарағанда 500-800 теңгеге қымбат.