Алматыда коммуналдық қызметтер қымбаттайды

Алматы. 25 қаңтар. 7kun.kz – Алматыда коммуналдық қызметтерге тарифтер өзгереді. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы бойынша департаментінің басшысы Әсел Бөденеева айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.

Төлемнің қанша өсетіні әлі нақтыланбады.

«Табиғи монополиялардың әрбір субъектісінде тарифтердің өсуі желілердің ұзақтығына және олардың тозуына байланысты жеке болады. Қазір талдау, есептеулер жүргізіліп жатыр. Тарифтер қанша өседі, біз әлі нақты айта алмаймыз», – деді ол.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, базалық субъектілер үшін тарифтер 5 жылға бекітіледі.

Сумен жабдықтау және су бұру салаларында 2019 жылдан бастап тарифтер көтерілген жоқ, себебі «Алматы су» департамент бекіткен 2020-2024 жылдарға арналған орташа тариф бойынша жұмыс істейді.