Алматыда өртсөндірушілер өртенген пәтер ішінде қалған оқушы қызды құтқарды

Алматы. 19 тамыз. 7kun.kz – Алматыда өртсөндірушілер оқушы қызды аман алып қалды, деп хабарлайды 7kun.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Өртсөндірушілер келгенде оқиға куәгерлері үйде ешкім жоқтығын айтқан. Алайда пәтер ішінде 14 жастағы қыз болған.

Шығатын жол жабық, терезе металл тормен жабылған соң, құтқарушылар сыртқы есікті ашып, оқушы қызды құтқарған. Қызды дәрігерлер тексеріп, өміріне ешқандай қауіп жоқ екенін айтты.

Өртсөндірушілер өртті жарты сағатта сөндірді. Қазір өрттің шығу себебі анықталуда.

«Мамандандырылған жасақ бөлімшелері келгеннен кейін төрт минуттан соң жалпы алаңы 80 шаршы метр болатын шатыры бар үй өртеніп жатқаны анықталды. Қазір мамандар өрттің шығу себептерін анықтап жатыр», — деді Алматы қаласы Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері Гүлдана Нұрымбетова.