Алматыда репродуктивті медицина институтының жаңа орталығы ашылды

Алматы. 8 қыркүйек. 7kun.kz — Институттың «ЭКО» жаңа орталығы ашылды, мұнда бедеулікті медицина саласындағы соңғы технологиялар бойынша емдейді. Клиника заманауи қондырғылармен жабдықталған, соның арқасында әлемдік стандарттар деңгейінде жоғары технологиялы медициналық көмек көрсетіледі. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Репродуктивті медицина Институының директоры Тамара Жүсіпәлиева өзінің сөзінде Қазақстанда сапалы медицинаға деген сұраныстың артқанын, клиника көрсететін медициналық қызметтердің аз шығын жұмсай отырып, шетелдік баламалардан еш төмен еместігін айтты.

Ол өзінің сөзінде Қазақстан заңдарының бейімділігі, дәрігерлердің жоғары біліктілігі, заманауи технологиялардың жеткілікті болуы арқасында Қазақстанға медициналық туризм бойынша келетіндер легінің артқанын айтты. Мысалы, екі жыл ішінде Қытайдан, Германиядан кеелетін пациенттер саны бірден көбейген. Тек АҚШ-тың өзінен ғана Репродуктивті медицина Институтына 75 емделуші келген.

Жаңа клиникада 60 адам жұмыс істейді, гинеколог — дәрігер Ләззат Айтқожина медицина мекемесінің мақтанышы, ол эмбрионның сырқатын ерте бастан байқап қояды. Айта кетерлігі, Ләззат Айтқожинаның 13 жылдық жұмыс өтілі бар әрі ол «Қазақстандағы 100 жаңа есім» республикалық жобасына қатысушы.

Клиника жылына 3 мыңға дейінгі отбасын қабылдай алады. Дегенмен, экстракорпоральді ұрықтану бойынша барлығына бірдей көмек көрсету мүмкін емес. Мысалы, Алматыда 300 отбасы қаржы жоқтығы салдарынан бірнеше жыл кезекте тұр. Қала әкімі Б. Байбек дәл сол жерде 300 алматылық отбасыға тегін медициналық көмек көрсету шараларын іздестіруге тапсырма берді және экстракорпоральді ұрықтану бойынша жүкті болған әйелдер үшін босанатын жаңа үй салатын жер қарастыруды міндеттеді.

Клиниканың басты ерекшелігі — операциялық блок пен жаңа өмір басталатын эмбриологиялық зертхана «таза бөлме» қағидасы бойынша жасалған, олар өзгелерден мүлдем оқшауланған, мұнда тұрақты температура мен ылғал ауа өте таза күйінде беріледі.

Нысан қабырғалары өте сапалы металл панельдерден құрылған. Мұндай «таза» бөлмелер жүйесі өте сапалы әрі тұрақты клиникалық нәтижеге қол жеткізеді. Әрі емдеудің тиімділігін арттырады.

Клиника жаңа қондырғылармен жабдықталған. Эмбриология зертханасына Planer (UK) планшетті инкубатор мен құйылып жасалған ESCO MIRI (Singapour) алты инкубатор қойылған, бұлар эмбриондарды жетілдіреді әрі сапасын арттырады. Репродуктивті медицинада құбылыс жасаған, ең жаңа «Time – Lapse ESCO» инкубаторы бірінші күннен эмбрионның даму барысын қадағалуға және ұрықтандыру үшін ең сапалы эмбрионды таңдап алуға мүмкіндік береді.