Басты бетке Аймақ Алматыда ұшақ апаты болды. 2 адам қаза тапты

Алматыда ұшақ апаты болды. 2 адам қаза тапты

ұшақ
Фото: airwar.ru

Алматы. 10 тамыз. 7kun.kz — Бүгін сағат 09.53-те «Технам 2002» әуе кемесі оқу-тәжірибелік  тапсырманы орындау кезінде «Азем» аэродромынан 2 км жерге құлады. Бұл туралы азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ұшақ Азаматтық авиация академиясына тиесілі. Әуе апаты кезінде екі адам қаза тапты. Олар — нұсқаушы пилот пен курсант.

«Азем» аэродромы Алматы қаласынан 43 шақырым жерде орналасқан.

ҚР инвестициялар және даму министрлігінің жол-көлік оқиғаларын зерттеу департаменті істі тергеу жұмыстарын бастады.