Алматыда заңсыз салынған тұрғын үй кешені сүріледі

Алматы. 27 шілде. 7kun.kz Алматы қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, Наурызбай ауданы Ақжар ықшам ауданында заңсыз салынып жатқан «Жайсан» тұрғын үй кешені сүріледі, деп хабарлайды 7kun.kz.

Бұған дейін нысанда тексеру жүргізіліп, тапсырыс беруші ҚР ӘБтК-нің 316 бабы 1-бөлігі, 321 бабы, 463 бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

«Басқарма Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына заңсыз салынған нысанды бұзу туралы талап арыз жолдады. Бүгінде талап арыздар қанағаттандырылып, сот шешімі заңды күшіне енеді деп күтілуде», – деп хабарлады Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.