Алматыда жылу маусымы аяқталды

Фото: egemen.kz

Алматыда жылу беру маусымы 5 сәуірде аяқталады. Бұл туралы мегаполис әкімдігінде мәлімдеді, деп хабарлайды 7kun.kz.

«Алматы қаласының әкімдігі 2021-2022 жылдардағы жылу беру маусымын 5 сәуірде аяқтау туралы шешім қабылдады», – делінген әкімдік хабарламасында.

Ведомство мұндай шешімнің неге қабылданғанына түсіндірме берді.

«Шешім гидрометеорологиялық қызмет күнтізбелік бес күн ішінде белгілеген ауаның орташа тәуліктік температурасы +8°C және одан жоғары болуына байланысты және ауа райының ұзақ мерзімді болжамын назарға ала отырып қабылданды», – делінген хабарламада.