Алматылықтар пітір садақаны терминал арқылы беретін болды

пітір садақаны
Фото: inform.kz

Алматы. 20 мамыр. 7kun.kz — Енді Алматылықтар терминалдар арқылы пітір садақа бере алады. Мұндай қондырғылар Орталық мешіттің жанына қойылды. Бұл туралы inform.kz хабарлады.

«Бүгінгі күні Бес институционалды  реформаны жүзеге асыру барысында мемлекеттік органдар қоғам алдында барынша ашық және есеп береді. Алматыда ауруханалар, мектептер, балабақшалар, ПИК-тер өздерінің  қаржылық есептерін жариялап, қалалықтар сеніміне ие  болуда. Міне, енді, Алматы мешіті де алғашқылардың бірі болып осы жолмен жүре бастады», —  деді қала әкімі Бауыржан Байбек.

Орталық мешіттің Бас имамы Нұрбек Есмағанбетов бұл технологияның ілкі режімде қолданылатынын айтты. Бұрыннан қалыптасқан әдіс те қолжетімді, мешітке келген кез келген жан қайырымдылық төлемдерін жәшіктерге де сала  алады. Ай сайынғы жиналған қаржының жалпы сомасы мешіттің сайтында жарияланады.