Алматыға танымал тренер Брайан Трейси келеді

Алматыға танымал тренер Брайан Трейси келеді
Фото:VC.ru

Алматы. 7 ақпан. 7kun.kz — Осы жылдың наурызында «бизнесті жүйелі түрде дамыту» бағдарламасымен Алматыда танымал тренер Брайан Трейсидің  семинары өтеді. Басты тақырып – дағдарыс кезінде компанияға  кіріс енгізу мен  сатылымдарды арттыру туралы деп хабарлайды шараның бас ақпараттық демеушісі «Қазақстан» телерадиокорпорациясы. 

Брайан Трейсидің «Бизнестегі жаңа мүмкіндіктер және дағдарысқа қарсы ойлау» атты біркүндік семинарына жетістікке жеткен 1000-нан астам бизнесмен, жас кәсіпкерлер мен әртүрлі салаларды басқарып жүрген жетекшілер жиналады. Спикер нақты компаниялар мен жағдайларда қолданылып, тексерістен өткен арнайы әдістемесімен бөліседі.  Семинар негізіне «Антидағдарыстық модель» алынған, сондықтан компания басшылығына бизнесті дағдарыстан шығынсыз, әрі кірісті арттыруға қандай мүмкіндік бар екенін айтады.

Семинарға қатысушылар, компаниядағы тұрақтылықты нығайту және кірісті қалай ұлғайтудың қыр-сырын білетін болады.

—       Бизнес-модельді құру және жетілдіру;

—       Дағдарыс кезінде өзін және командасын басқару;

—       Сату көлемін арттыру.

Брайан Трейси – аты әлемге әйгілі тәлімгер,  бизнесті жүйелі түрде дамыту және сату бағдарламасының тренері.  Ол әлемге танымал  ірі компаниялардың өрлеу және құлдырау кезеңінде бизнестерін тиімді басқаруға көмегін тигізген болатын.  Трейси әлем бойынша жетістікке жеткен жүздеген компанияларға кеңес береді, мыңдаған аудиторияның алдына шығып сөз сөйлеп, ойларымен бөліседі.  800-дей аудио және видеокурстық оқулықтарын шығарған. Брайан Трейси тайм-менеджмент, көшбасшылық және бизнесті дамыту, тиімділік тақырыптарына арналған 78 кітаптың авторы.

Семинар бойынша толық ақпаратты www.tracy.kz сайтынан таба аласыздар.