Capital Bank Kazakhstan Қазақстандағы RBS филиалын сатып алды

2286
Capital Bank Kazakhstan Қазақстандағы RBS филиалын сатып алды

 Жер бетіндегі барлау жүргізілген алтын, алмаз және мырыш қоры 20 жылдық өндіріске жетеді, платина, мыс және никель қоры 40 жылдан кейін таусылады. Goldman Sachs банкінің сарапшылары осындай болжам жасайды.

«Жер қыртысындағы металлдар концентраты мен жоғары сапалы кен орындарының аздығы кейбір пайда қазбалардың өте сирек кездесуіне себеп болады», — дейді Goldman Sachs  сарапшысы Юджин Кинг.

Болашақта қорлардың шектелуінен аталған ресурстардың бағасы өсе түсуі мүмкін деп атап өтті сарапшы. Кейбір компаниялардың болжамынша, осы жылы немесе келесі жылы алтын өндіріс ең жоғарғы көрсеткішке ие болуы мүмкін.

Ал өзге сарапшылар егер ресурстар қоры азая беретін болса, шикізат бағасы тым жоғары көтеріліп кететіндігіне сенімді. Нәтижесінде пайда жолында өндіріс секторына көптеген жаңа ойыншылар келіп, жаңа кен орындарының ашылуы мүмкін дейді олар.