Алтын бағасы қымбаттады

38
мұнай
Фото: Global FX

Алматы. 05 тамыз. 7kun.kz — 2 тамыздағы сауда-саттық қорытындысы бойынша алтын бағасы 1457 доллардан асты.

COMEX-те қымбат металл фьючерстерінің бағасы бір троя унциясына 1442 — 1461 доллар диапазонында саудаланды, сауда 1457,5 доллар белгісінде жабылды. Бүгін алтын 1466 долларға сатылады. Осылайша, бір апта ішінде баға 1,7%-ға өсті.

Ұлттық банктің сайтында көрсетілген металдың бір граммының құны 17,4 мың теңгені құрады.

Сонымен қатар, күміс өткен аптада 0,6%-ға 16,2 долларға дейін, ал мыс — 5,8%-ға фунт үшін 2,56 долларға дейін арзандады.

Еске сала кетейік,сарапшылар алтын нарығын қолдап отыр. Сондай-ақ, күзде қымбат металл бағасы 1500 долларға дейін өсуі мүмкін деген болжам жасады.