Бизнес

Amazon.com-ның интернет-сатылымдағы үлесі 45-50 пайызды құрады

Алматы. 29 желтоқсан. 7kun.kz – GBH Insights мәліметіне сәйкес, Amazon.com-ның бөлшек саудадағы 2016 жылы 38 пайызды құраған интернет-сатылымдағы үлесі 45-50 пайызға жетті.

«Amazon-ға тиесілі Prime жеткізу қызметі «Джефф Безос империясының (Амазон-ИФ негізін қалаушы және жетекшісі) қымбат тасына» айналды, — деп атап өтті GBH Insights технология орталығының зерттеу ісіне жауапты қызметкері Дэниел Ивс.

АҚШ интернет-сатылымы осы маусымда 2016 жылғы маусыммен салыстырғанда 18 пайызға өскен.

Д. Ивстың мәліметтері бойынша,  Prime қызмет көрсету клиенттерінің саны шамамен 88 млн-ды құрайды. Ал олардың шығыны 2016 жылмен салыстырғанда 22 пайызға жоғары болды.

Сарапшының айтуынша, Amazon-дағы Prime-ның клиенттерінің құрамы жоғары баға жағдайында бәсекеге қабілетті Wal-Mart, сондай-ақ Target and BestBuy сияқты интернет-дүкендерге қолдау көрсетті. Wal-Mart үлесі осы уақыт аралығында интернет-дүкендердің жалпы көлеміндегі үлесі екі есе өсті.

Қазіргі уақытта Wal-Mart интернет дүкені Amazon-ға бәсеке тудыратындай жағдайға жетті. Алайда, оны баса озу әлі мүмкін емес.

Tags

Осы айдарда

Close