Алматы. 14 ақпан. 7kun.kz — Американдық Amazon корпорациясы өзінің Echo смарт-динамикасына арнап жасанды интелекттің микросхемаларын құрастырып жатыр. Бұл туралы Росбалт сайты жазады.
The Information қорының дереккөзіне сүйенсек, жасанды интелект чипі Alexa дербес көмекшісі бар құрылғыларда іске қосылады. Бұл технология құрылғылардың реакциясы мен мәліметтердің өңделу жылдамдығын арттыруға көмектеседі. Деректердің көпшілігі енді құрылғыда өңделеді. Бұның алдында саралау «бұлтта» ғана жүзеге асатын.
Аталмыш өңдеу Amazon-ға бәсекелестері Apple мен Google-ды қуып жетуіне мүмкіндік болмақ. Қазіргі кезде Apple мен Google да өз жеке чиптерін шығарады. Сондай-ақ, дәстүрлі чип өндіруші Intel мен NVidia және бұрынғы сатып алушылары Amazon, Apple және Google арасында бәсекелестік күшейіп келеді.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024