Алматы. 12 ақпан. 7kun.kz — Америкалық кәсіпкер Кевин Зингер автокөліктерді 3D арқылы басып шығаруды қолға алып, стартап бастады және оған 90 млн доллардан астам инвестиция тартты, деп мәлімдеді forbes.ru.
58 жастағы америкалық кәсіпкер Кевин Зингер автокөліктерді бұрынғыдай зауыттарда емес, 3D принтерде басып шығармақ. Сол үшін Divergent 3D стартапының негізін қалаған.
Стартап бастапқы кезде, 28 млн доллар инвестиция тартқан. Инвестициялағандардың ішінде гонконгтік миллиардер Ли Кашиннің Horizons Venture мен автокөлік нарығында жұмыс істейтін Француз консалтингтік Altran Technologies фирмасы да бар.
Ал, 2017 жылдың қараша айында «Divergent 3D» 65 млн доллар тартты. Сонымен қатар, инвесторлар компанияның үлесін сатып алуға 40 млн доллар опцион алды.
"Дәстүрлі автоөндіріс түбегейлі бұзылады. Нарыққа сай болуы үшін зауытты бірде үлкейтіп, бірде кішірейтіп, үнемі өзгертіп отыру мүмкін емес», - дейді Зингер.
Оның сөзінше, «Divergent 3D" жарқын болашаққа жол ашып, автокөліктерді қалауымызша өндіріп береді.
Дәстүрлі автокөлік зауытын салу құны 500 млн доллардан 1 млрд долларға дейін барады. Ал 3D принтердегі көлік зауытын салуға 50 000 доллар жетеді. Сондай-ақ, бұндай зауыттан шыққан көліктер әлдеқайда арзан болады.
Қазіргі уақытта 3D-принтерінің сатылымы SpaceX зымыран қозғалтқыштары мен General Electric-тің жел турбиналарында қолданысқа еніп, қарқынды дамып келе жатыр.
Қания Табыс
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024