Aмерикалық миллиардер Дэвид Рокфеллер қайтыс болды

377
Фото: appress.com

Нью-Йорк. 21 наурыз. 7kun.kz — Әйгілі кәсіпкерлер әулетінің өкілі Дэвид Рокфеллер 101 жасқа келген шағында дүниеден өтті. Миллиардердің баспасөз хатшысының хабарлауынша, ол Нью-Йорк штатындағы Покантико-Хиллс қалашығында дүйсенбі күні ұйықтап жатып қайтыс болған. Бұл туралы Ассошийэтед Пресс жазды.

Дэвид Рокфеллер — Standard Oil компаниясының негізін қалаған адамзат тарихындағы (доллармен есепегенде) алқашқы миллиардерлер болған Джон Дэвисон Рокфеллердің немересі.

Ол 1915 жылғы шілденің 12-сінде Нью-Йоркте туған. Гарвард  университетін бітірген, Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебінде оқыған, кейін Чикаго университетінде экономика ғылымының докторлығын қорғаған.

Рокфеллер глобалист және неоконсерватизмны идеологі ретінде танымал. Ол біраз уақыт бойы Бильдерберг клубының жиындарына қатысып, ондағы «басқарушылар комитетінің» құрамына енген. Одан бөлек, 1970-1985 жылдары ол Халықаралық қатынастар бойынша америкалық кеңестің директорлар кеңесінің басқарып, кейіннен оның құрметті өкілі болды.

Forbes-тың дүйсенбіде жарияланған есебінде Рокфеллер  байлығы 3,3 миллиард долларға бағаланған бірнеше кәсіпкермен бірге 581-орында тұрған еді. Forbes ақпаратына сүйенсек, ол әлемдегі ең кәрі миллиардер болған.