Америкалық Tyson Foods Қазақстанда зауыттар салады

103
Қазақстанда
Фото: ru.agroinsider.com.ua

Алматы. 13 желтоқсан. 7kun.kz — 2020 жылдан бастап америкалық инвесторлар Қазақстанда ірі қара мал өңдеу зауытын салуды бастайды.

Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровтың айтуынша, америкалық Tyson Foods корпорациясы үш зауыттың құрылысына 5 миллиард долларға дейін қаражат салады. Жобаны іске асыру мерзімі 10 жылға дейін.

«Компанияның жоспарында үш зауыт салу кезең-кезеңмен жүзеге асырылады. Олардың қатарында екі ірі қара мал етін өңдейтін зауыт, біреуі құс етін өңдейтін зауыт бар. Келесі жылдан бастап ІҚМ өңдеу зауытының құрылысы басталады. Жоспарланған қуаттылық — күніне 2 мың бас ірі қара мал. Бұл жылына 100-120 мың тонна ет», — деді ол.

Бірінші зауыттың құрылысы келесі жылдың сәуір-мамыр айларында басталады деп жоспарланып отыр. Күтілетін инвестициялар — 1,2 млн доллар.

«Ол экспортқа бағытталады. Бізде Қытай, Ресей, Орта Азия елдері бар. Базарлар, әсіресе Tyson сияқты танымал брендтің етіне проблема болмайды», — деп түйіндеді Омаров.

Бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрлігі ет комбинаттары мен сүт зауыттарының құрылысын тоқтатуды ұсынды.

Сонымен қатар, бәсекелестікті қорғау және дамыту комитеті қазақстандық үш мегаполистің ет жеткізушілері арасында тәртіп бұзушыларды анықтады.