Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Android гаджеттеріне жаңа қауіп төніп тұр

Android гаджеттеріне жаңа қауіп төніп тұр

Алматы. 7 ақпан. 7 kun.kz – Киберқауіпсіздік сарапшылары Android операциялық жүйесіне негізделген құрылғыларға шабуылдайтын жаңа зиянды бот тапты. Бұл туралы Bleeping Computer порталы хабарлады.

Бот желісі ретке келтіретін ашық порттарды табуға бағытталған. Оның ішінде 5555 порты маңызды ақпаратқа жол беретін ОС Android Debug Bridge-тің негізгі интерфейсі саналады. Вирус құрылғыға енген сәтте 5555 портының қуаты арқылы Monero криптовалютасының майнингін жүргізеді.

ADB.miner бағдарламасы Mirai ботының құрамдас кодын пайдаланады. Себебі, Mirai боты әлемдегі ең үлкен бот болып есептеледі.

ПО антивурусын құрастырушы Qihoo 360 компаниясының мәліметіне сәйкес, қазіргі уақытта 7 мыңға жуық гаджет осы вируспен зақымданған. Әсіресе, Қытай мен Оңтүстік Корей тұрғындарының құрылғылары. Android жүйесі арқылы жұмыс істейтін құрылғылардың барлық түрі қауіп астында қалды. Смартфондардан бастау алып, теледидар мен өзге де «ақылды» техникаларға қауіп төнді.

Желтоқсан айында «Касперский зертханасының» мамандары смартфондардарды өшіріп, Monero криптовалютасын өндіретін вирусты айқындаған болатын. Компания айтқандай, құрылғылардың вирусты жұқтыруы арам ниеттілердің жарнамалық сайттарына кіруден болады. Көбіне олар антивирус орнату бойынша жарнамалар немесе «ересектерге» арналған қосымша ретінде кездеседі.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Похожие материалы