Редакция: +7 (777) 242 5522
Follow Us:

Анджей Дуда президенттің визасыз режимін қолдады

Анджей Дуда президенттің визасыз режимін қолдады

Астана. 6 қыркүйек. 7kun.kz — Польша Президенті Анджей Дуда Нұрсұлтан Назарбаевтың визасыз режимін қолдады. Бұл туралы ол келіссөздер қорытындысы бойынша баспасөз мәслихатында  мәлімдеді.

"Біздің кәсіпкерлердің Қазақстанға қызығушылығы өте жоғары. Бүгін Астанаға поляктың билік өкілдері ғана келген жоқ. Олардың екеуі министр, сондай-ақ қазақстандық әріптестермен ынтымақтастықты арттыру үшін келген поляк компанияларының өкілдері де бар. Поляк компаниялары Қазақстан нарығында бірнеше жыл бойы жұмыс істеп келеді. Менің ойымша, Қазақстанның поляк азаматтарына визалық режимді 30 күнге дейін алып тастауы, осындай іс-әрекеттер әсерін тигізді деп ойлаймын. Бұл іскерлік қарым-қатынастарды ғана емес, туристік сапарларды да жеңілдетеді. Мен қазақстандық кәсіпкерлер мен туристердің Польшаға визасыз келуін қолдаймын", - деді Анджей Дуда.

Айгүл Хожантаева

Похожие материалы