Apple ІІІ қаржылық тоқсанда 1,2 млрд iPhone сатты

Apple
Фото: telegraph.co.uk

Алматы. 2 тамыз. 7kun.kz — Apple корпорациясы ІІІ қаржылық тоқсанда (1 маусымда аяқталды) күтпеген жақсы қаржылық нәтиже көрсетті. Компания акциялары күндізгі рекордтық максимумнан асып түсіп — 59,10 долларды құрады. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

Сонымен қатар, компания iPhone сатылымының 1,2 миллиардқа жеткенін айтты. iPad өнімдері желісінде де өсім байқалды. Ал Apple Watch сатылымы 50 пайызға артқан.

Одан бөлек, Apple компаниясы жаңа iPhone өндірісінде мүмкіндігі неғұрлым кең OLED-дисплейін пайдалануды көздеп отыр. Сонымен бірге, сенсорлы экранның жақсартылған технологиясы мен сымсыз қуаттау құрылғысы болады.

Apple-дің қаржы резерві тоқсанның соңында рекордтық көрсеткішке — 261,5 млрд долларға жетті. CNBC-тің мәліметінше, бұл қаражат біруақытта Uber, Tesla, Netflix, Airbnb жәнеTwitter-ді сатып алуға жетеді. Одан бөлек, «ұсақ шығындарға» тағы да 29 млрд доллар қалады екен.