Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Халыққа тегін берілетін дәрілердің саны артты

Халыққа тегін берілетін дәрілердің саны артты

Алматы. 19 шілде. 7kun.kz - Халықты тегін қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттардың тізбесі 59 жаңа дәрімен толықтырылды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемнің шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде амбулаториялық деңгейде тегін немесе жеңілдікпен  қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен, оның ішінде белгілі  бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарына арналған дәрілік заттардың және мамандандырылған емдік өнімдердің тізбесін бекіту туралы" бұйрықты бекітті.

Бұйрық 2018 жылдың 1 қаңтарында күшіне енеді. Жаңа бұйрықта амбулаториялық деңгейде тегін қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттардың тізбесі бекітілді. Тізбеге 48 түрлі әлеуметтік маңызы бар сырқаттар енгізілді. Олар: артериалдық гипертензия, асқазанның ойық жарасы, тыныс демікпесі,  қатерлі ісік аурулары, туберкулез, гематологиялық аурулар, гемобластоздар, аплазиялық анемия, балалардың церебралдық сал ауруы, псиxикалық аурулар, АИТВ инфекциясы және т.б.

Сондай-ақ, тізбе ауыр ағыммен сипатталатын Бехтерев ауруымен толықтырылды. Дәрілердің жаңа тізбесі тиімділігі дәлелденген 59 жаңа дәрімен толықтырылған 256 дәрілік заттардан, оның ішінде 385 дәрілік түрлерінен тұрады. Алдағы уақытта 2 млн-нан астам диспансерлік ауруды қамту көзделуде. "Енгізілген өзгерістер мүгедектік деңгейін, әлеуметтік маңызы бар аурулардан өлім-жітімнің көрсеткіштерін төмендетуге бағытталған" - деп атап өтті ведомство өкілдері.

Похожие материалы