Apple компаниясының капитализациясы 1 трлн доллардан төмен түсті

111
Apple
Фото: Apple-iPhone.ru

Алматы. 2 қараша. 7kun.kz — Әлемдегі ең қымбат технологиялық компанияның капитализациясы 1 трлн доллардан төмен түсті. Компанияның биржадан тыс сауда-саттықтағы акциялары 7,3%-ға арзандап, бір қағазы 206 долларға бағаланды, содан кейін сәл қымбаттады.

Тамыз айында Apple АҚШ-тың жария компанияларының арасында бірінші болып 1 трлн доллар капитализация табалдырығын еңсерді, одан кейін бұл көрсеткіштен Amazon-да асып түсті. «Жұма күні компания өз акцияларының саны туралы жаңа деректерді жариялаған соң, Apple капитализациясы тағы да осы деңгейден төмен түсуі мүмкін», — деп мәлімдеді CNBC.

Төртінші тоқсанның қорытындысы бойынша Apple-дың жалпы қаржы сомасы 62,9 млрд долларды құрады. Бұл алдыңғы жылдың сәйкес кезеңінен шамамен 20%-ға жоғары. Таза табыс 14,1 млрд долларға жетті. Бұл екі көрсеткіш аналитиктердің болжамынан асып түсті. Компания физикалық тұрғыда iPhone-ның сатылымын ұлғайтпаған. Бұл жағдай инвесторларға ұнамай отыр, себебі орташа сату бағасы 793 долларға дейін көтерілген.