Алматы. 28 желтоқсан. 7kun.kz – Американдық Apple Inc. компаниясы Counterpoint Research деректері бойынша, 2017 жылдың үшінші тоқсанында оның үлесі едеуір төмендегенімен, ғаламдық смартфондар нарығында көшбасшы болып қала береді.
Компания мамандарының айтуынша, шілде-қыркүйекте Apple корпорациясы смартфондар сатылымынан түскен жаһандық пайданың 60 пайызын иемденді.
Соңғы тоқсанда смартфондардың арзан, әрі ескі үлгілері көптеп сатылды. Сондықтан да, сарапшылар бұл жағдайдың, яғни компанияның нарықтағы үлесі төмендеуінің бірден-бір себебі осы деп отыр. Сонымен қатар, компанияның өсуіне Samsung компаниясы жақында шығарған Galaxy Note 8 смартфоны әсер етті. Себебі бұл смартфон жаһандық пайданың 20 пайыз үлесіне ие болды.
Сондай-ақ, алғашқы бестікте қытайлық Huawei, Oppo и Vivo компаниялары тұр. Осы компаниялардың әрқайсысының нарықтық үлесі 5 пайыздан аспайды.
Айта кетерлігі, жыл басынан бері компанияның капитализациясы 47 пайызға, 875,75 млрд долларға дейін өсті.