Алматы. 13 ақпан. 7kun.kz — Apple компаниясы сағат өндірісіндегі әлемдегі ең ірі компания болды. 2017 жылдың соңғы тоқсанында, компания сату көлемінен, швейцариялық атақты Rolex, Omega, Swatch брендтерін басып озды. Бұл ақпаратты Canalys және IDC саласының зерттеушілері, сондай-ақ Швейцарияның сағат өнеркәсібінің федерациясы жариялады.
Компания басшысы Тим Куктың сөзінше, тағатын құрылғылар iPhone-нан кейінгі екінші табыс көзіне айналған. Сондықтан Apple бұл өндірістің әрі қарай дамуына инвестиция салады. Бұл жайлы Business Insider жазды.
Бір қызығы, компания Apple Watch-тың бұл жетістігін аса жарнамалай бермейді. Керісінше, сағаттар Apple-дің веб-сайтында «басқа өнімдер» айдарында тұрады.
Көптеген адамдар Apple Watch-қа табысты өнім ретінде назар аударылмайтынына сенімді болған еді. Алайда, 2017 жылдың соңғы тоқсанында табыстың өсуі мен сату көлемінің 50 пайызға өсуі байқалды. Тим Куктың айтуынша, Apple Watch бұдан бұрын ешқашан мұндай танымалдылықпен қолданылмаған.
Әрине, көптеген Швейцария сағаттары дәулеттілікті білдіреді. Бірақ бұған Swatch брендінің қатысы жоқ. Оның орташа бағасы - Apple Watch сияқты – 180 доллар.
Samsung-пен Google-дың смарт сағаттарының да бағасы бірдей. Бірақ олардың сатылым көлемін швейцариялық сағаттармен немесе Apple Watch-пен салыстыруға келмейді.
Сондықтан Тим Кук тағатын құрылғылар өндірісін одан әрі жетілдіріп дамытпақ ниетте. Атап айтқанда енді сымсыз құлаққаптар шығарылады.
"Тағатын құрылғылар iPhone-нан кейінгі екінші табыс көзіне айналды. Бұл небәрі үш жыл бұрын ғана жұмысын бастаған бизнес үшін өте маңызды", — деді Apple басшысы.
Әзірге Apple ассортименті кең ауқымды емес. Бірақ көп ұзамай Apple тұтынушыларға "ақылды" көзілдіріктер," "ақылды" киімдер ұсынуы әбден мүмкін. Бұл жағдайда нарықтағы орын үшін тек щвецариялық брендтер ғана емес, басқа да өндірістер алаңдайтын болады.
Еске сала кетейік, Apple 2018 жылдың бірінші тоқсанындағы қаржылық есепте, 88,3 млрд доллар рекордтық кіріс туралы хабарлаған еді.
2018 жылғы қаржы жылының бірінші тоқсанында 2017 жылдың 30 желтоқсанында аяқталды. Осы уақыт ішінде компания 77,3 млн iPhone смартфонын сата алды. Бұл 2017 жылғыдан 1 млн-ға аз.
FactSet Research Systems сарапшыларының болжауынша, Apple компаниясы 80 млн-ға дейін iPhone смартфондарын сата алады. Сонымен бірге iPhone X компания тарихындағы ең көп сатылатын смартфон болды.
Қания Табыс
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024