Apple жекеменшік іздеу жүйесін жасап шығармақшы

489
Apple жекеменшік іздеу жүйесін жасап шығармақшы.Apple компаниясы

Apple компаниясы өзінің жекеменшік іздеу платформасын жасап шығарады. РБК хабарлағандай, Apple Search деп аталатын инженерлік жобаға жетекші іздеп жатыр.

Apple сайтында орналасқан бос қызмет орнына Cult of Mac басылымы назар аударды. Жетекші іздейтіндігі туралы хабарламада, компания жүздеген миллион адам қолданатын іздеу интернет-платформасына қатысы бар менеджерді қажет ететінін жазған.

Бұл хабарламаға қарап, Apple өзінің интернет-іздеу жүйесін құрғысы келеді деп айту қиын. Бұл жағдайдың екінші жағы да бар. Ол — жұмыс істеп тұрған іздеу жүйелерін жақсарту немесе іздеу жүйесі бойынша серіктестермен байланыс орнату.

Apple компаниясының жекеменшік интернет-іздеу жүйесі жақын арада шығады деген алыпқашпа сөз БАҚ бетінде соңғы жылдары жиі жарияланып жүр. Мысалы, Piper Jaffray компаниясының сарапшысы Джин Мюнстер 2010 жылдан бері жыл сайын Apple-дің іздеу жүйесін жасап шығару мүмкіндігін 70% деп бағалайды.