Апта басында ұлттық валюта әлсіреді

114
валюта
Фото: nl.depositphotos.com

Алматы. 5 қараша. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 371,99 теңгені құрады. 2 қарашадағы таңғы сессиямен салыстырғанда (371,72 теңге / $1) ұлттық валюта 0,27 теңгеге арзандады.

KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 371,45 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 373 теңге, жабылу курсы бір долларға 372 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 37 млн 500 долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 97.

Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15 те 373,7 теңге, Алматыда – 374 теңге.