АҚШ-та инфляция 8,4%-ға дейін өсуі мүмкін

экономика
Фото: epicblog.net

Наурыз айының қорытындысы бойынша АҚШ инфляциясының деңгейі 8,4%-ға дейін өсуі мүмкін, деп хабарлайды 7kun.kz Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығына сілтеме жасап.

АҚШ-тың негізгі қор индекстері жұма күнгі сауда-саттықты инфляцияның жеделдеуінен қауіптену және федерезерв монетарлық саясатты қатаңдату перспективаларына қатысты қауіптер аясында әртүрлі бағытта (1,3%-ға төмендеуден 0,4%-ға дейін) аяқтады.

Ағымдағы аптада наурыздағы тұтыну инфляциясы бойынша деректер жарияланады.

Сарапшылардың айтуынша, тұтыну бағасының индексі ақпандағы жылдық 7,9%-дан  8,4%-ға дейін өседі. Бұл жағдайда инфляциялық қысымды ұстап тұру үшін Федрезерв мамырда базалық мөлшерлеменің 50 б.н. арттырып, өз балансындағы активтердің айына 95 млрд долларға қысқаруын бастай алады.

Мұндай шаралар тәуекелді активтерге айтарлықтай қысым жасап, АҚШ доллары индексінің одан әрі нығаюына әкелуі мүмкін.

Дереккөз: Yahoo Finance