АҚШ-тың Dow Jones индексі 119 жылда алғаш рет күрт төмендеді

АҚШ-тың Dow Jones индексі алғаш рет күрт төмендеді. Индекстің төмендеуі 2016 жылдың алғашқы төрт күнінде 119 жылда болмаған рекордтық көрсеткішке жетті, деп хабарлайды РБК.

«Бұл — төрт күн ішіндегі ең нашар көрсеткіш. Индекстің есеп тарихында мұншалықты құлдырау болмаған. Бұған 1897 жылы FactSet-ке енгізілген статистиканы дәлел ретінде көрсетуге болады»,  — деп жазады америкалық СNN агенттігі FactSet Research Systems компаниясына сілтеме жасап.

Сауда болған төрт күнде Dow Jones индексі 911 пункті немесе 5%-ын жоғалтқан. Сауданың алғашқы күні (4 қаңтар, 2016) индекс көлемі 450 пунктқа немесе 2,5%-ға төмендеген. S&P500 индексі — 2,1%.

Bloomberg агенттігінің ақпаратына сәйкес, 1932 жылы сауданың алғашқы күнінде индекс 6,9%-ға төмендеп, ең төменгі көрсеткіш ретінде тіркелген. Осыдан соң 2001 жылы 2,8%-ға төмендейді. Ал 2016 жылғы төрт күндегі сауда аталған жылдармен салыстырғанда Dow Jones-тің ең төменгі көрсеткіші болды.

Фото: rbc.ru