Ақтөбедегі мұқтаж отбасыларға 50 млн теңгеге көмек көрсетілген

50 млн
Фото: aktobenews.kz

Алматы. 15 наурыз. 7kun.kz – Ақтөбе облысында соңғы бір  айда 877 мұқтаж отбасыға 50 млн теңге 50 млн теңге көлемінде көмек көрсетілді. Бұл туралы облыс әкімі Оңдасын Оразалин Үкімет мүшелерінің халықпен кездесуі кезінде хабарлады.

Г. Әбдіхалықова бастаған үкімет мүшелері Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін «Жұбановтар әлемі» мәдениет орталығында Ақтөбе жұртшылығымен кездесу өткізді. Жиынға көпбалалы және мүгедек бала бағып отырған аналар, халықтың әлеуметтік осал топтарымен жұмыс істейтін қоғамдық ұйымдардың өкілдері, мүмкіндігі шектеулі жандар, ардагерлер мен жастар қатысты.

Жиында Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды қолдау мақсатында Ақтөбе өңірінде жасалып жатқан істер, осы бағыттағы Елбасы тапсырмаларының орындалу барысы жөнінде айтты.

«Облыс орталығында және аудандарда азаматтарды түрлі әлеуметтік мәселелер бойынша қабылдау үшін, Ашық есік күндері өткізіліп, соның аясында 5 мыңнан астам адамның өтініш-тілегі мен арыз-шағымдары тыңдалды. Олар көтерген мәселелерді шешуге мемлекеттік органдармен қатар, түрлі қоғамдық ұйымдар мен кәсіпкерлер де атсалысып жатыр. Соңғы бір айдың ішінде 877 отбасына жалпы сомасы 50 миллион теңге көлемінде көмек көрсетілді», — деді Оңдасын Оразалин.