«Қазавтожол» басшылары ірі көлемде пара алу үстінде ұсталды

487
пара
Фото: nur.kz

Қарағанды. 18 қыркүйек. 7kun.kz –  «Қазавтожол» РМК Қарағанды облыстық филиалының директоры Г.Мұқанов пен орынбасары Е.Отаров «Ақжол ДС» ЖШС өкілдерінен 17 млн теңге көлемінде пара алды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ұлттық бюросы хабарлады.

«Ақжол ДС» ЖШС өкілдері М.Ыбышев пен Б.Жақпаров «Қызылорда-Қарағанды-Павлодар» автожолының орындалмаған жұмыстарының құжатына қол қою үшін берген.

М.Ыбышев, Б.Жақпаров, Г.Мұқанов және Е.Отаров ҚР Қылмыстық кодексінің 128-бабы бойынша ұсталып, Қарағанды қалалық ІІД уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.

Қазіргі уақытта қылмыстық іске қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Мейірім Бақытжанова