«Arena S» ЖШС (Sulpak) туралы

64
Sulpak
Фото: pikabu.ru

«Arena S» ЖШС — Sulpak компаниясы — Қазақстанның ірі сауда компаниясы, электроника мен тұрмыстық техниканы сатудағы көшбасшы.

Анықтама

  • Құрылған жылы: 1992 жыл
  • Саласы: ретейл
  • Бас директор: Дмитрий Провкин
  • Қызметкерлер саны: 6000-нан аса адам

Компания тарихы

1992 жылы — Sulpak компаниясының негізін Алматы қаласында Алмас Сұлтанғазин мен Андрей Пак қалады. Құрылтайшылар ата тектерінің алғашқы буындарының қосындысынан компанияның атауы пайда болған.

Бастапқыда Sulpak Қазақстанның орталық қалаларында электроника мен тұрмыстық техниканың көтерме саудасымен айналысты.

2001 жылы — компания елдің барлық аймақтарында электроника мен тұрмыстық техниканы сататын бөлшек сауда дүкендерінің желісін дамыта бастады.

2006 жылы — Sulpak Ресейдің «Эльдорадо» компаниясымен консультация алып тұруға қатысты келісімге келеді, сондай-ақ бірлескен кәсіпорын құруға қатысты келіссөздер жүргізіле бастайды. Осы жылы «Эльдорадо» компаниясының негізін қалаушы Игорь Яковлев Алмас Сұлтанғазин мен Андрей Пактан Sulpak-тың 50% акциясын сатын алу опционын алады.

2008-2009 жылдары — опционды іске асыру жоспарланған. Бірақ 2008 жылдың басында «Эльдорадоның» Ресейдегі бизнесі бірқатар проблемаларға жолығып, мәмілені жасасу кейінге шегерілді.

2009 жылдың тамызы — жаңа «Arena S» ЖШС құрылады.

2010 жылы — И.Яковлев Sulpak-тың 51% акциясын сатып алады да, сол кездегі Sulpak-тың еншісіндегі 37 дүкен жақында ғана құрылған «Arena S» компаниясының қарамағына өтеді. Sulpak компаниясын басқаруға ресейлік «Эльдорадо» желісінің топ-менеджерлері жұмылдырылады. Компанияның бас директоры болып Денис Смирнов тағайындалады.

Бір жылдың ішінде Sulpak-тың жаңа басшылығы желінің нарықтағы үлесін 10%-ға, 27%-ға дейін арттырады. 2010 жылдың аяғында кіріс көлемі 142 млн долларға жетеді, ал желідегі дүкендер саны 40-қа жетеді.

2011 жылы — түсім өсімі алдағы жылмен салыстырғанда 32%-ға өсіп, 332 млн долларды қамтыды.

2010-2011 жылдары — Sulpak қаржылық есеп аудитінен сәтті өткен алғашқы ірі отандық ритейлер атанды, аудитті PricewaterhouseCoopers компаниясы жүргізді.

2012 жылы — Sulpak түсімі 50%-ға артып, 496 млн доллар деңгейіне дейін көтерілді. 2012 жылдың аяғында дүкендер саны 57-ге жетті. Осы жылы осы компанияның дүкендерінде болған адамдардың саны — 13 миллион.

2014 жылы — компания Еуропаның Euronics International ірі сатып алу хабымен ынтымақтасады. Осы жылы Қазақстандағы электроника мен тұрмыстық техника сатылымдарының 38%-ы Sulpak-қа тиесілі болды.

2016 жылдың наурызы — Бішкекте (Қырғыз Республикасы) 84-ші тұрмыстық техника және электроника дүкенін ашты.

2016 жылдың қарашасынан бастап — Sulpak Kaspi.kz дүкенінде тұрмыстық техника мен электроника сата бастады.

2018 жылы — Sulpak қызмет көрсету сапасын одан әрі жақсарту мақсатында «Адал» тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамымен сатып алушылардың наразылықтарына уақтылы ден қою үшін ұйымдар арасында коммуникациялардың қысқартылған моделін құру туралы серіктестік келісім жасады.

Компания миссиясы

Миссия — компания заманауи технологиялар өмірді жеңіл әрі жарқын ететініне сенеді. Sulpak ұжымы өздерінің білімі мен қызметін ұсына отырып, технологиялардың жеткізушісі болуды мақсат етеді.

Sulpak-тың мақсаты — «Жоғары сервис ұсыну арқылы компанияның табыстылығына қол жеткізу».

Қазіргі Sulpak

Бүгінгі таңда желінің 40 қалада 134 дүкені бар. Оның меншігінде 25 мыңнан астам электроника мен тұрмыстық техниканың модельдері бар. Өнімдер матрицасында — Samsung пен LG-дің эксклюзивті модельдері, сондай-ақ Sulpak-тан ғана сатып алу мүмкіндігі бар брендтер бар: Honor, Philips, Candy, Haier, Ellenberg.

Жыл сайын Sulpak дүкендерінде қазақстандықтар шамамен 15 миллион сатып алулар жасайды. Sulpak бонустық клубына 1,6 миллионнан астам адам мүше ретінде тіркелген.

Компания ұсынылатын тауарлар мен қызметтерге жоғары сапа стандарттарын ұстанады. Қызметтерге тапсырыс берушілердің сұраныстарын қанағаттандыру үшін HiTechnic сервистік бөлімшесін құрған, оның басты міндеті — тұтынушыларға дайын қызмет және шешімдер ұсыну.

Құрылтайшылар

«Arena S» ЖШС иелері:

  • Алмас Сұлтанғазин
  • Игорь Яковлев

Бұл ретте Сұлтанғазиннің қатысу үлесі кемінде 50%-ды құрайды.

Дереккөздер: sulpak.kz, forbes.kz