«Артек» лагері кондитер өнімдерін шығарады

511
?????? ??? ?????

«Артек» лагері кондитер өнімдерін шығаратын жеке өндірісін бастайды. Бұл туралы халықаралық «Артек» балалар орталығының директоры Алексей Каспржак мәлімдеді.

«Жақында біздің фирмалық өніміміз пайда болады. Әзірге кондитерлермен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. «Артек» вафлясымен қоса басқа да тәтті тағамдар сатылымға шығуы мүмкін. Олар бізге бюджеттен тыс табыс табуға мүмкіндік бермек», -деп атап өтті лагерь директоры.

Каспржактың есептеуінше, өзіндік брендтің құрылуы лагерьге пайда әкеліп, «Артектің» бюджеттік қаржыландырудан тәуелділігін азайтады.

2015 жылдың наурызының соңында Қрым министрлерінің кеңесі бойынша, «Артек» балалар лагері федералды жекеменшікке өткізілді. Осыған дейін 2014 жылдың көктемінде Қрым Ресейдің құрамына қосылғаннан кейін билік лагерьді мемлекеттендірді. Ресейлік үкімет жазда халықаралық балалар орталығының дамуы үшін 895 млн рубль бөлді.

Өз кезегінде, Украинада сәуір айында ресейлік билік арқылы «Артек» лагерінің мемлекеттендіруіне қатысты қылмыстық іс қозғалды.