Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Арыстан Қабыкенов Инвестициялар және даму вице-министрі болып тағайындалды

Арыстан Қабыкенов Инвестициялар және даму вице-министрі болып тағайындалды
Алматы. 1 ақпан. 7kun.kz - Қазақстан республикасы Үкіметінің қаулысымен Арыстан Кенжетайұлы Қабыкенов Инвестициялар және даму вице-министрі болып тағайындалды деп хабарлайды primeministеr.kz сайты.  Арыстан Қабыкенов 1980 жылы Жезқазған қаласында дүниеге келген. 2002–2006 жылдары Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін, 2004 жылы — КИМЭП, 2012 жылы — Ноттингем университетін (Ұлыбритания) тәмамдаған. Еңбек жолын 2001 жылы бастаған. 2001–2004 жылдары «ТАТ-2001» ЖШС қаржы директоры қызметін атқарған. 2004–2006 жылдары Қаржы министрлігінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеген. 2006–2008 жылдары ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Макроэкономикалық талдау және бағдарламалық мониторинг бөлімінің сектор меңгерушісі қызметін атқарған. 2008–2011 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінде жұмыс істеген. 2011–2015 жылдары ҚР Президенті жанындағы Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығында, Өңірлік даму министрлігінде, сондай-ақ Ұлттық экономика министрлігінде қызмет еткен. 2015–2016 жылдары ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің басшы орынбасары болған. 2016 жылдың қазан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР-ның Жапониядағы Елшілігінің кеңесшісі қызметін атқарған.

Похожие материалы