«AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ туралы

7
Фото: tengrinews.kz

  «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ —1992 жылы құрылған. Бұрын Банк  қаржылық қызмет көрсету нарығында «Лариба Банк» Бірлескен Банк АҚ ретінде танымал болатын.

2009 жылы Банк  ребрендинг жүргізіп, өзінің атауын «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ-ға ауыстырды.

Банк өз қызметін, банктік операцияларды жүргізуге уәкілетті органмен берілген  №1.2.75/83 лицензиясына сай жүзеге асырады.

Банк филиалдары Қазақстанның келесі қалаларында орналасқан: Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Павлодар, Өскемен, Қарағанды, Шымкент және Петропавл. AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)АҚ Қазақстанда ипотекалық кредиттеу мен лизингтік қаржыландырудың пионері болып табылады.

Дереккөз: asiacreditbank.kz