Асқар Қанафин «Amanat» сақтандыру компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып тағайындалды

«Amanat»
Фото: «Amanat»

Алматы. 9 сәуір. 7kun.kz – «Amanat» сақтандыру компаниясы» АҚ ұйымның Директорлар кеңесі құрамындағы өзгерістер туралы хабарлайды.

Компанияның жалғыз акционері Дінмұхамет Ыдырысовтың шешіміне сәйкес, Асқар Қанафин 2019 жылдың 9 сәуірінен бастап Акционерлік қоғамның Директорлар кеңесі төрағасы болып тағайындалды. Бұған дейін аталған қызметті Гүлнәр Назханова атқарып келген болатын.

Асқар Ахилбекұлы Қанафин – 20 жылдан астам инвестициялық және басқарушылық тәжірибесі бар жоба және қоржын басқарушы.

Корпоративтік даму стратегиясын әзірлеу және енгізу, дағдарысқа қарсы менеджмент, барлық экономикалық цикл кезеңдерінде инвестициялық қоржынды басқару, активтерді сенімгерлікпен басқару моделін жүзеге асыру, басқару командаларын құру және қалыптастыруда кәсіби тәжірибеге ие.

«Amanat» СК» АҚ (2013-2018), «АМЖЗ» АҚ Директорлар кеңесі төрағасы, «Қазақстан Коммуналдық Жүйелері» АҚ, «Resmi» компаниялар тобы» АҚ, «RG Brands» АҚ және басқа бірқатар ұйымдарда Директорлар кеңесі мүшесі қызметін атқарған.

«Ordabasy компаниялар тобы», «Resmi» компаниялар тобы, «Societe Generale Kazakhstan» банкі секілді компаниялардың атқарушы құрылымдарында басшы ретінде жұмыс тәжірибесі бар.