Экономика
«Астана ЭКСПО-2017» ҰК төрағасының экс-орынбасары Индонезия үкіметі төрағасының кеңесшісі қызметін атқарады
«Астана ЭКСПО-2017» ҰК төрағасының экс-орынбасары Вера Кобалия қазір Индонезия үкіметі төрағасының кеңесшісі қызметін атқарады. Бұл туралы Одесса облысының губернаторы Михаил Саакашвили facebook-тағы парақшасында жазды.
«Мен басқарған үкіметтің құрамындағы бұрынғы экономика министрі Вера Кобалия Индонезия үкіметінің реформалар жөніндегі бас кеңесшісі болып тағайындалды. Ол бүкіл әлем бойынша қызметке шақырылатын грузиялық бұрынғы лауазымды тұлғалардың қатарын толықтырды. Қазіргі кезде ол Албания кеденін реформалауда, Венгрия үкіметінің және бірқатар африкалық мемлекеттердің үкіметінің кеңесшісі», деп жазды Грузияның бұрынғы президенті. Ол Дүниежүзілік банк төртінші жыл қатарынан өзі басқарған кездегі үкіметті ең үздік деп танығанын айтып қалуды да ұмытпады. Еске сала кетейік, Вера Кобалия Грузияда біраз жыл қоғамдық, саяси қызметпен айналысқаннан кейін Экономика және елді тұрақты дамыту министрі болып тағайындалды. Кейін Қазақстанға келіп «Астана ЭКСПО-2017» ҰК АҚ басқарма төрағасының орынбасары болды. Бұл қызметінен ол 2015 жылдың шілде айында кеткен болатын.Похожие материалы
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024