Астанада 5 мыңға жуық шетелдікке айыппұл салынды

айыппұл
Фото: YK-news.kz

Алматы. 26 шілде. 7kun.kz — 2017 жылдың қаңтар – маусымында әкімшілік құқықбұзушылық үшін 5 мыңға жуық шетелдікке айыппұл салынды. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы хабарлады.

«Тәртіп бұзушылардың басым бөлігі Қазақстанда еңбек етіп жүрген ТМД елдерінің азаматтары»,- дейді Астана қаласы ІІД көші-қон басқармасының басшысы Еркетай Тұтқышев.

Ол алғашқы ескертуден кейін шетелдік мигранттар олқылықты түзейтінін айтты. Бұдан бөлек, бірнеше тәртіп бұзғаны үшін 910 шетелдік жұмысшы Астанадан шығарылды.

Құрылыс орындарында заңсыз еңбек етіп жүрген Өзбекстан, Тәжікстан азаматтарын анықтаймыз. Оларға ескерту бірнеше рет жасалды. Олар әкімшілік жауапкершілікке тартылды және сот шешімі бойынша елден шығарылды. Депортация кезінде оларға Қазақстанға келуге бес жыл рұқсат жоқ», — деп түсіндірді Еркетай Тұтқышев.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, осы уақытқа дейін Астанадан алыс шетелден келген 24 азамат, ал ТМД елдерінен 881 адам шығарылды.

2017 жылдың бірінші жарты жылдығында Астанаға 200-ден астам шетелдік келді. Астанаға негізінен Өзбекстан мен Қырғызстан елдерінің азаматтары жұмыс іздеп келеді. Алыс шетелдерден келетіндерден Қытай мен Түркия елдері алдыңғы орында.

Қазіргі уақытта Астанада тұрақты 12 650 шетелдік тұрады. Алыс шетелден — 7 782, ТМД елдерінен – 4868 азамат өмір сүріп жатыр.