Астанада алаяқ брокерлер пайда болды

алаяқ

Алматы. 7 наурыз. 7kun.kz — Астана қаласында телефон, электронды пошта немесе интернет ресурстар арқылы ақшаңызды жымқыратын күдікті брокерлік компания пайда болған. Бұл туралы ІІД-нен хабарлады деп жазады BNews.kz.

Астана қаласының ішкі істер департаментіне  «Дельта трейд» және «Эки трейд» брокерлік компанияларының атына тұрғындардан арыз түскен. Олар халықаралық валюта нарығына инвестиция жасауға шақырады.

Астана қалалық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі София Қолышбекова бұл туралы өзінің Facebook-тегі аккаунтында жазды. «Аталмыш компаниялар өздерін валюта нарығындағы брокерміз деп таныстырып, қаржы нарығындағы түрлы қызметтерді ұсынады. Алаяқтардың бұл сайты 4 түрлі тілге аударылған және офшордағы адресі көрсетілген», — дейді ол.