Астанада KFC компаниясынан 5 миллион теңге бопсалаған адам ұсталды

534
Астанада KFC компаниясынан 5 миллион теңге бопсалаған адам ұсталды

Астанада KFC 5 миллион теңге талап етіп, бопсалаған адам қолға түсті деп хабарлайды Caspian International Restaurants Company баспасөз қызметі.

Есіл аудандық соты 1982 жылы туылған ер адамды екі айға қамауға алу туралы шешім қабылдады. Күдікті «Аса ірі көлемдегі бопсалаумен» айналысты деп айыпталып отыр.

2014 жылдың қазан айында KFC брендін ұсынатын Caspian International Restaurants Company бес миллион теңге төлеңдер немесе аталған компания өнімінен құрт табылды деп ақпарат таратамын деген хабарлама алады. Компания ҚР ІІМ-не жүгінеді.

Бірнеше ай өткен соң ақшаны қолға беру сәтінде күдікті қолға түсті.