Астанада тұрғын үй құрылысында игерілген қаражат үлесі 17,3% болды

қаражат
Фото: vechastana.kz

Астана. 26 желтоқсан. 7kun.kz — 2016 жылғы қаңтар-қарашада тұрғын үй құрылысына бағытталған инвестициялар көлемі 123681,1 млн теңгені құрады.

Барлық қаржыландыру көздерінің есебінен 18863 пәтерге арналған тұрғын үйлер пайдалануға берілді, пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 2028016 шаршы метрді құрады, бұл 2015 жылғы қаңтар-қарашадағы деңгейден 35,7%-ға жоғары.

Жеке салушылармен жалпы ауданы 147547 шаршы метр тұрғын үйлер салынған, бұл 2015 жылғы қаңтар-қарашаvty cалыстырғанда 2,3 есеге артық. Тұрғын үйлерді  пайдалануға берудің жалпы көлемінде жеке тұрғын үй құрылысының үлесі 7,3%-ды құрады, 2015 жылғы қаңтар-қарашада 4,3%-ды құраған болатын.

Астанада 2016 жылғы қаңтар-қарашада тұрғын үйлердің жалпы ауданының 1 шаршы метрін салудың орташа нақты шығыны 128,5 мың теңгені, оның ішінде жеке салушылармен тұрғызылғаны 103,4 мың теңгені құрады.