Астанадағы газ мәселесі 1,5 жылдың ішінде шешіледі

газ
Фото: провэд

Алматы. 5 наурыз. 7kun.kz — Бұл туралы мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Парламенттің қос палатасының бірлескен отырысында айтты.

Президент алдағы 1,5 жыл ішінде Астананы газдандыру мәселесін шешуді тапсырды.

«Біз тұңғыш рет батыстағы газды оңтүстік арқылы Шымкент-Алматыға дейін жеткіздік. Мүмкіншілік бар. Сондықтан, бұл мәселені шешетін болсақ, Астананың өзінде зиянды қалдықтардың ауаға таралуы 6 есеге немесе 35 мың тоннаға азаяды. Сарыарқаның сары желі бәрін алып кетеді деген ой бізде болды. Дегенмен, кейінгі кезде көріп жүрміз. Қалада тұрғынның  және көліктің көбеюіне байланысты, екі ЖЭО-ны қатар көмірмен жаққан кезде қаланың үстінде ылғи тұман тұратын болды. Одан кетуіміз керек. Қала әкімшілігі де жұмыс істеп жатыр. Егер мына мәселені шешсек, жолшыбай қанша адамға жеңілдік болады. Мұны бір-бір жарым жыл ішінде шешу керек»,-деді Назарбаев.