Алматы. 23 ақпан. 7kun.kz – Американдық телекоммуникациялық АТ&Т компаниясы 5G желісі орнатылатын АҚШ-тағы алғашқы қаланы атады. Компанияның баспасөз релизінде байланыс желісін күшейту тестілеуі жалпы он қалада өтетіндігі айтылды, деп мәлімдеді hightech.fm.
Атап айтқанда, Даллас, Атланта, Уэйко. Техас штатында орналасқан көптеген қалалар. АТ&Т компаниясы толық тізімді бірнеше айдан кейін жариялауға уәде етті. Америкада алғашқы мобилді 5G желісі 2018 жылы іске қосылады. Ол 3GPP стандартына негізделіп, mmWave диапозанымен жұмыс істейді.
АТ&Т - Америкада 5G желісін 2018 жылы іске қосатын жалғыз компания. Компания өкілдерінің айтуынша, LTE желісінде қолданылып жүрген құрал-жабдықтар, жаңа стандартқа жеңіл көшуге мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта АТ&Т Техас штатындағы Остинде жаңа зертхана ашпақшы. Бұл жерде инженерлер 5G желісін іске қосып, тестілеуден өткізе алады. Осы жерде жасалынатын алғашқы жобалардың бірі Advanced 5G NR Testbed System. (ANTS)
ANTS - бұл 5G желісін іске асырудың алғашқы сынақ жүйесі болып саналады. Ол 5G желісінде келешегі бар әрі бірегей функцияларды тестілеуден өткізуге мүмкіндік береді.
Естеріңізге сала кетсек, Финляндиядағы Elisa жергілікті байланыс операторы мамыр айының соңына дейін 5G байланыс желісін іске қосуға уәде берген.
Финляндия 5G технологиясын іске қосады
Қания Табыс
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024